×

Жазушылар одағының жаңадан сайланған төрағасы арманын айтты

Бүгін Мереке Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы болып сайланды

Жазушылар одағының жаңадан сайланған төрағасы арманын айтты
Фото: Мақсат Құсайын

Бүгін Жазушылар одағының XVI құрылтайында одақтың төрағасы болып сайланған Мереке Құлкенов өзінің арманын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Менің арманым – Димаш Құдайберген сияқты, қазақтың бір емес, бірнеше жазушысы әлемге танылуы. Олар “Нобель” сыйлығын алып жатса, біздің жұмысымыз алға басады деп ойлаймын. Қазақ жазушылары қазір мыңға жақындап қалды. Оның ішінде жастар да бар”, – деді Мереке Құлкенов.

Айта кетейік, бүгін Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының XVI құрылтайы өтті. Жиында ақын Ұлықбек Есдәулет жаңа қызметке ауысуына байланысты төрағалықтан бас тартып, сайлауға түспейтінін жеткізді

Құрылтайдан соң басқарма жиынында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мереке Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасы болып сайланды

Жиынға Қазақстан Жазушылар одағының 525 делегаты, арнайы шақырылған қонақтар, БАҚ өкілдері қатысты. Қазіргі таңда Жазушылар одағының жалпы мүшесі 970-ке таяған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Экс-министрдің адвокаттары марқұмның ағасына өз сұрақтарын қойды
Соңғы мәліметтер бойынша, шабуылдан 137 адам қаза тапты
Ғылыми орталықтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →