×

Түркістан облысының кәсіпкерлері өңірдегі проблемаларды атады

Түркістан облысының кәсіпкерлері өңірдегі проблемаларды атады

Түркістандық кәсіпкерлер жиналып, өңірдегі басты мәселелерді атады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі. Кездесуге 20-ға жуық кәсіпкер қатысты. Атап айтқанда, шаруалар «ГосАгро» субсидиялау жүйесінің кемшілігі, несиелендіру бойынша қиындықтар, суармалы егіншілікке қажетті судың тапшылығы мен жер телімдеріне қатысты мәселелерді көтерді. Сондай-ақ кәсіпкерлер өнеркәсіп жобаларын лизингтік қаржыландыру жүйесіне қатысты наразылықтарын білдіріп, партия басшысынан ауыл-аймақта орын алған күрделі жағдайдың тиімді шешіміне ықпал етуін сұрады.

Жетісай ауданы бойынша Мақта өсірушілер қауымдастығының төрайымы Байтанаева Набаткүл мақта дақылын өсірумен айналысатын диқандардың жанайқайын жеткізді.

«ЕГИСС жүйесінде техникалық проблемалар бар. Отбасымызбен 5 га ғана жеріміз бар, бірақ егістік алқабының картасынан оны толық көре алмай отырмыз. Картада тек 1,5 га жерімізді көрсетеді. Салдарынан субсидияны өзімізге тиесілі мөлшерден аз аламыз. Жаңа жүйе толыққанды дұрыс жұмыс істемейді. Бірінші кезекте бізге минералды тыңайтқыштар керек. Егер тыңайтқыштарға субсидияны қазір алмасақ, кеш болып кетеді», – деді кәсіпкер.

Елімізде шағын, орта және ірі бизнес субъектілері үшін өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландырудың бағдарламасы іске қосылған. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ бағдарламасы өңдеу өнеркәсібінің құрылымын одан әрі әртараптандыруға, қайта бөлудің жоғары деңгейдегі тауарларын өндіруді қолдау мен ынталандыруға бағытталған. Алайда кәсіпкерлер жоба аясында несие ала алмай отырғанын айтты.

«Жиһаз өндірумен айналысатын өндіріс орны ретінде жобамызға қаржыландыру ала алмай отырмыз. Кредит алу үшін Индустрияландыру картасына кіретін жобалар ғана қатыса алады. Ол тізімге ену үшін жаңа өндіріс орны керек. Біз 5 га жерде жиһаз шығарып отырып, ол тізімге ене алмай отырмыз», – деді «Grand miks» ЖШС директоры м.а Камалжан Юлдашев.

Ал «Согдиана» ЖШС директоры Дильдар Хабибова Түркістан облысында жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасы аясында қызмет ететін балабақшаларда балалардың болу уақыты қысқарғанын айтты. Кәсіпкер білім саласы бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасын Оқу-ағарту министрлігіне беруді ұсынды. Себебі облыс әкімдігі қаржыны үнемдеу арқылы кәсіпкерлерге кесірін тигізіп жатқанын жеткізді.

«Тіркелген нормативтік-құқықтық актілер толығымен өзгертілген, қаржыландыруға жататын балалардың саны негізсіз азайды, түзету топтары алынып тасталды. Жан басына шаққандағы қаржыландыру сомасы азайды. Яғни балабақшадағы жұмыс уақыты 10,5 сағаттан 9 сағатқа дейін қысқарды. Түркістан облысының 14 ауданында ашылуы керек түзету топтары әлі жоқ. 6 жасқа дейінгі контингентке есептелгеніне қарамастан, балалар саны 4400-ге қысқарды. Мақсатты қаржы артылғанда қайда жұмсалатыны белгісіз», – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстан халқы атынан бүркітші Айшолпанға екі бөлмелі пәтер сыйға берілді
Бүгін, 19:08

Шығыс Қазақстан халқы атынан бүркітші Айшолпанға екі бөлмелі пәтер сыйға берілді

Пәтер кілтін облыс халқы атынан бүркітші Айшолпанға Президенттің кеңесшісі Берік Уәли табыстады
Жаппай төбелеске қатысқандардың көбісі кәмелетке толмаған
Олар іргелес мемлекеттерге  10-нан астам вагон-цистерна жөнелтпек болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →