×

Петропавлда полиция бастығы 7 жылға сотталды

Сот 10 мамырда өтті және сотталушыға жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді бұйырды

Петропавлда полиция бастығы 7 жылға сотталды

Петропавл қаласы сотының үкімімен СҚО бойынша ПД Петропавл қаласы Полиция басқармасының ЖПҚ бөлімшесінің бастығы 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сот 10 мамырда өтті және сотталушыға жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді бұйырды.

Сотталған сапаны растайтын тиісті құжаттары жоқ, акцизделетін өнімді заңсыз сатуды жүзеге асыруда қамқоршылық көрсеткені үшін жалпы сомасы 500 жүз мың теңгеден асатын бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Осылайша, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен 1000 блок темекі өнімінің және 5 мың литр күмәнді алкоголь өнімінің заңсыз сатылымы тоқтатылды.

"Сотталған "полиция майоры" арнаулы атағынан, сонымен қатар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды", – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ішкі істер министірлігі ата-аналарға үндеу жасады
Бүгін, 09:33

Ішкі істер министірлігі ата-аналарға үндеу жасады

Үндеу қыс мезгіліндегі балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі жайында хабарланып отыр
Енді азаматтарға өздерімен бірге қағаз анықтамаларды алып жүру қажеттілігі болмайды
Жол төсеу жұмыстары келесі жылы басталады
Талғардың бұрынғы әкімі  15 қазанда орын алған резонанстық трагедиядан кейін қызметінен босатылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →