×

Шымкент тұрғыны мектепке жұмысқа орналастырамын деген алаяққа миллион теңге берген

Бірақ ол уәдесін орындамаған

Шымкент тұрғыны мектепке жұмысқа орналастырамын деген алаяққа миллион теңге берген

Шымкентте ер адам мектепке мұғалім болып жұмысқа орналасуға көмектесемін деген алаяққа миллион теңгеге жуық ақша берген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәбірленушінің айтуынша, танысы оған оқу орнына ақылы түрде жұмысқа орналасуға көмектесемін деп уәде берген, бірақ ол уәдесін орындамаған.

"Күдікті Шымкент қаласының жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Ер адам алған ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсағаны белгілі болды. Сондай-ақ, алаяқтың тағы бір алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды", - деді полицейлер.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша соталды тергеу басталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды
Кеше, 13:01

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды

Шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйым САЛЫНДЫ
Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →