Анықталған барлық ақаулар кестеге сәйкес жөнделіп жатыр
Павлодарда 1 мыңнан астам үй ыстық сусыз отыр. Қаладағы жылу желілеріне жасалған сынақтар кезінде 182 ақау анықталған, енді ыстық су жөндеуден кейін бір-ақ беріледі, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Павлодар жылу желілері" ЖШС-нің мәліметінше, оның ішінде Оңтүстік желілік ауданда – 110, солтүстігінде – 72.
"5 маусымға дейін Оңтүстік желілік ауданның тұрғын үйлерінің басым бөлігіне және Солтүстік желілік аудан бойынша барлық көппәтерлі тұрғын үйлер ыстық сумен беріледі. Оңтүстік аудандағы 54 тұрғын үй қайта жылу желілерін жөндеуге байланысты ыстық су кешіктіріледі", – делінген "Павлодар жылу желілері" ЖШС-нің хабарламасында.
Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, анықталған барлық ақаулар кестеге сәйкес жөнделіп жатыр. Бұл жұмыстарға 39 жөндеу бригадасы жұмылдырылған.
Қалада 1 277 көппәтерлі тұрғын үй орталықтандырылған жылу желісіне қосылған және ыстық сумен қамтамасыз етілген. 2023 жылғы 12 мамырдағы жағдай бойынша 219 үй ыстық сумен қамтылған.
1 058 үй ыстық сусыз қалып отыр. Оларды кестеге сәйкес ақауларды жөндегеннен кейін қосады.