×

АҚШ-тан келген сәлемдеменің ішінен есірткі табылды

Оны ойыншықтың ішіне жасырған екен

АҚШ-тан келген сәлемдеменің ішінен есірткі табылды
Видеодан кадр

АҚШ-тан жеткен сәлемдеменің ішінен есірткі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Сәлемдеме халықаралық пошта арқылы АҚШ-тан әуелі Алматыға жетіп, одан кейін Астанаға жөнелтілген. Қорап сыртынан күдік туғызбағанымен, тексерушілер мұны рентген құрылғысынан өткізген кезде байқаған. Ішінен кептірілген марихуана шықты. Салмағы - 500 грам. .

"Иіс жою мақсатында есірткі заты герметикалық пакеттерге оралып, басқа зат түрінде АҚШ-тан Алматыға жіберіліп, одан әрі Астанаға жөнелтілген. Жедел іздестіру нәтижесінде есірткі заты бақыланатын жөнелтілімі жүргізілді. Бұл тауарға тапсырыс берушілердің ізіне түсуге мүмкіндік берді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді", – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша
Грант иегерлері жобаларын түрлі бағытта жүзеге асырып келеді
Нысанның құрылысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорындары есебінен қаржыландырылып, толықтай тұрғындарға табысталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →