×

Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті

Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті
polisia.kz

Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетіп, оқиға орнынан қашпақ болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 12 мамырда 16:00 шамасында Алматының Медеу ауданында болған.

"Достық даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысында басына дулыға кимеген мопед жүргізушісін байқап қалдық. Тоқтау туралы бұйрықты орындамады. Керісінше, жоғары жылдамдықпен жеке сектор арқылы жасырына бастады. Сонымен қатар ол жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірді. Қуыс көшеде мопедті жаяу қуа бастадым. Мопедист артқа бұрылып, әдейі маған қарай жүрді. Соқтығыспау мүмкін емес еді. Мен құладым. Ал мопедист көлік құралын басқара алмай, кедергіге соқтығысты. Содан кейін ол ұсталды", – деді Алматы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Жәнібек Оразбаев.

Құқық бұзушы жеткізуші компаниялардың бірінің 23 жастағы курьері болып шықты. Полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз – Тоқаев
Бүгін, 09:09

Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз – Тоқаев

Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша
Грант иегерлері жобаларын түрлі бағытта жүзеге асырып келеді
Нысанның құрылысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорындары есебінен қаржыландырылып, толықтай тұрғындарға табысталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →