×

"Жасыл елдегі" жастардың жалақысы өсті

"Жасыл елдегі" жастардың жалақысы өсті
Ашық дереккөздерден

Ақтөбе облысында 2 мың жас «Жасыл ел» және «Атамекен» құрылыс жасақтарында еңбек етеді. Олардың еңбекақысы 120-130 мың теңге болады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты қорғау басқармасы арқылы 1200 жас орман шаруашылығына барады. Онда көгалдандыру жұмыстарын жасайды. Ал 800-і абаттандыру және құрылыс саласына бағытталады.

«Биыл жастардың жалақысы өсті. Былтыр 100 мың теңге алса, биыл 120-130 мың теңге еңбекақы беріледі. Бұл жастардың жұмысына байланысты берілетін жалақы көлемі. Негізі 16-35 жас аралығындағы жастар еңбекке араласа алады. Мектеп оқушылары ата-анасының рұқсатын алуы тиіс. Жастардан жеке куәлік көшірмесе, 075 анықтамасы мен жұмыссыздығын растайтын құжат сұралады», - деді «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары және «Атамекен» студенттер отрядтары қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұржан Шаңғытбаев.

Қазіргі кезде жастардың алғашқы легі еңбегін бастап кетті. Жалпы, 200-ден астам жас орман шаруашылығындағы жұмысқа тартылды. Ал 100-ден астамы қаланы абаттандыруға үлес қосып жүр.

«Көгалдандыру жұмыстарына тартылған жастар қазір Мағаджан тәлімбағында ағаш суарып, арамшөбін жұлады. Сонымен бірге бір бөлігі тасжол жиегіндегі құмды жинау, қоқыс жинау, талдарды әкетуге жұмылдырылады. Жол белгілерін де сырлайды», - деді «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары және «Атамекен» студенттер отрядтары қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұржан Шаңғытбаев.

«Таза қала» акциясы аясында өзен жағасы да тазаланады. Бұл – апта сайын атқарылатын жұмыс. «Менің атаулы ағашым» акциясы көктемде ұйымдастырылды. «Ардагерлерімізді ардақтайық» акциясы аясында зейнеткерлерге көмектесу жолы қарастырылған.

Айта кетейік, толық емес, көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп отырған 100 бала күзде елордаға жолдама алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →