×

Шәкәрім университетінің ұжымы министрдің шешіміне наразылық білдірді

Шәкәрім шаңырағы неге осындай эксперименттерге түсе береді?

Шәкәрім университетінің ұжымы министрдің шешіміне наразылық білдірді
Видеодан кадр

Семейдегі Шәкәрім университетінің ұжымы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің шешіміне наразылық білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамы әлеуметтік желі арқылы видеоүндеу жариялады. Олардың айтуынша, Шәкәрім университетінің ректоры – басқарма төрағасы Бауыржан Ердембековті ауыстыру жөнінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бұйрығы келген.

"Біз жаңа ғана Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бұйрығымен таныстық. Ол бұйрықта басқарма төрағасы, университет ректоры Ерденбековті орнынан босату жөнінде жазылған екен. Осы бұйрықты ести сала, "Бұл қайдан шыққан дүние?", "Негізі бар ма осының?" "Негізі қандай?", "Осы бұйрықты шығаратын кезде неге сүйенген?" деген сан сауал-сұрақ көз алдымыздан өтіп жатыр. Біздің айтпағымыз - небары 2 жыл 3 ай қызмет жасаған кезінде ректорымыз бұрынғы ондаған жылдар бойы атқарылмаған істерді істегенін ұжымның көзі көріп отыр. Университет болса, жайнап, жарқырап, әр оқу ғимараты өзінің белгілі бір дәрежедегі қалпын, бейнесін өзгертіп, нағыз білімнің, ғылымның ордасына айналған түрі бар. Шәкәрім шаңырағы неге осындай эксперименттерге түсе береді? Біздің жазығымыз не? Ұжымның жазығы не? Неге мұндай әділетсіздік жасалады? Министр осы жөнінде бізге түсініктеме берсе дейміз. Бұйрықты таныстыруға министрліктің бірде бір өкілінің келмеуі, оны оқып таныстырып бермеуі, себептерін айтпауы ұжымның беделіне зор нұқсан келтіреді. Бұл ұжымды елемегендік, ескермегендік, сыйламағандық деп білеміз. Сондықтан министрдің бұйрығы қайта қаралса екен, өзінің күшін жойса екен деген ұсынысымыз бар", - деді ұжым атынан үндеу жолдаған филология ғылымдарының докторы Арап Еспенбетов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →