×

«Әкімдікте оқып жүр талай қазақ баласы»: БҚО-да оқушылар ауыл әкімінің кабинетінде білім алуға мәжбүр

41 жыл бұрын салынған ауыл мектебінің әбден тозығы жеткен

«Әкімдікте оқып жүр талай қазақ баласы»: БҚО-да оқушылар ауыл әкімінің кабинетінде білім алуға мәжбүр
Астана ТВ

Батыс Қазақстан облысындағы Тасқала ауданы Амангелді ауылының мектеп оқушылары ауыл әкімінің кабинетінде білім алуға мәжбүр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Кабинетке сыймаған қалған балалар сабақты осы ауылдың Мәдениет үйінің сахнасында оқиды

Амангелді ауылындағы әкімнің кабинетінде қазір 5-сынып оқушылары оқиды. Балаларды осылай «қамқорлығына алған» әкімнің өзі шағын кабинетке көшіпті. Ал Мәдениет үйінің концерт залындағы сахнада қазір әдеттегідей ән шырқалмайды, сабақ болады. Оқу кластарының арасы шымылдықпен бөлінген.

 «Бізде бала саны сыныптарда ондай көп емес қой. Он-он екі, он бес... Сондықтан олардың кабинеттеріне сыйып жатырмыз. Кабинетін бізге босатып берді ауылымыздың әкімі. Барлық жағдайларымызды жасап отыр. Қазіргі таңда тығыз байланыстамыз, ешқандай кедергі келтіріп жатқан жоқпыз», - дейді мектеп директоры Анар Габдуллина.

250 оқушының әкімдік пен мәдениет үйінде тентіреп жүруі тегін емес. Өйткені 41 жыл бұрын салынған ауыл мектебінің әбден тозығы жеткен. Халықтың білім ошағы туралы өтінішін «AMANAT» партиясы елеусіз қалдырмады. Партияның араласуымен мектепті күрделі жөндеуге 353 млн теңге қарастырылыпты. Бірақ қаржы уақытылы аударылмай, бұл іс межелі мерзімінен кешіккен. Енді мердігер тағы бір ай мұрсат сұрап отыр.

Мердігердің айтуынша, қазір мұндағы жұмыстың тек 83%-ы орындалыпты. Дегенмен мектепке электр желісі әлі толық тартылмаған, Шашылған құрылыс материалдарының қалдықтарынан аяқ алып жүргісіз. Дегенмен білім ордасын жөндеу ісінің уақытылы аяқталуын “аманаттықтар” өз міндетіне алып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді
Бүгін, 13:19

Қазақстанда адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді

Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →