×

АвтоХҚО-лар алдындағы ұзын-сонар кезекке түсінік берілді

Қазіргі уақытта Мамандандырылған ХҚО-лар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ешқандай кезек жоқ

АвтоХҚО-лар алдындағы ұзын-сонар кезекке түсінік берілді
Видеодан кадр

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қалалық филиалы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында қалыптасқан ұзақ-сонар кезекке қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Мамандандырылған ХҚО-лардың бірінің алдында көп адамның жиналған видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видео авторының айтуынша, кезекте тұрғандар автомектеп оқушылары.

«Азаматтарға арналған үкімет» мекемесінің Алматы қалалық филиалы ұзақ демалыстан кейін қаладағы барлық автоХҚО-да азаматтардың көптеп жиналғанын растады.

«Мәселен, 10 мамырда тек №1 мамандандырылған ХҚО-да 2 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, екінші деңгейлі банктердің көлік құралдарын қайта тіркеуге берген өтініштері арқылы 3 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Сондай-ақ жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер саны артқан. 13 мамыр сенбі күні де осындай жағдай байқалды. Қазіргі уақытта Мамандандырылған ХҚО-лар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ешқандай кезек жоқ»,- деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мекемесінің қалалық филиалынан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →