×

Алматы облысында көліктердің алдына секіріп ойнаған оқушының ата-анасы жазаланды

Әлеуметтік желіде мектеп оқушысының экстремал әрекеті түсірілген видео пайда болды

Алматы облысында көліктердің алдына секіріп ойнаған оқушының ата-анасы жазаланды
видеодан кадр

Алматы облысында мектеп оқушысы өтіп бара жатқан көліктердің алдына секіріп ойнаған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде мектеп оқушысының экстремал әрекеті түсірілген видео пайда болды. Онда орта мектеп оқушысының жолда өтіп бара жатқан көліктердің алдына секіріп ойнағаны көрсетілген. Видеода бала көлік жүріп жатқан жолға секіріп, жүк көлігінің алдына шығады да, соңғы сәтте қайта жол жиегіне секіреді.

Алматы облысының Полиция департаменті полицейлер оқушының жеке басын анықтағанын хабарлады. Ол Казцик ауылындағы №6 мектептің оқушысы болып шықты.

"2010 жылы туған кәмелетке толмаған баламен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ҚР ӘҚБТк-нің 127-бабы "Тәрбие және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғаңыздар", - деді полиция қызметкері.

Тәртіп сақшылары ата-ана баласының тәрбиесіне жауапты болуын, оның ішінде жолда жүру ережелерін үйретуге міндетті екенін атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды
Кеше, 13:01

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды

Шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйым САЛЫНДЫ
Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →