×

Талабымыз орындалмаса, Ақордаға дейін барамыз – киногерлер

Талабымыз орындалмаса, Ақордаға дейін барамыз – киногерлер

Ұлттық кинематографияны қолдау жөніндегі мемлекеттік орталығының (ҰКМҚО) байқауға қатысатын фильмдерді іріктеуден әділетсіз өткізетінін айтып, ереуілге шыққандарға айыппұл салынған. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

13 мамырда Алматыда бір топ киногер Президентке наразылық үндеуін жолдаған еді. Олар киноны қолдау орталығы заң бұзып отырғанын айтқан. Наразылық топ Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаевтың келуін талап еткен болатын. Бірақ басқарма төрағасы кезекті еңбек демалысында жүрген көрінеді.
Олар енді талаптары орындалмаса Ақорданың алдына жиналатынын айтты. 

«Бізге митингке шыққанымыз үшін қысым көрсетіп жатыр, бірақ қысымға тоқтамаймыз. Талаптарымыз шешілмейтін болса Ақорданың алдына, Министрліктің алдына барамыз. Он бес тәулікке қамау мен айыппұл бізді тоқтата алмайды», – деді Азамат Шарғын

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →