×

Алматы облысында 7 жасар балаға жыныстық әрекеттер жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Тергеудің жан-жақтылығы, толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін тараптардың дәлелдері тексеріліп жатыр

Алматы облысында 7 жасар балаға жыныстық әрекеттер жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Алматы облысында 7 жасар балаға жыныстық әрекеттер жасады деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«11 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне Көктөбе-1 ауылының 57 жастағы тұрғыны арызбен келіп, 44 жастағы көршісіне шара қабылдауды сұраған. Шағымданушының немересінің айтуы бойынша, 2022 жылы ер адам өзіне жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасаған», – делінген хабарламада.

Бүл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. Күдікті заңнамада белгіленген тәртіппен қамауға алынды.

Аталған деректі тексеру шеңберінде бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеудің жан-жақтылығы, толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін тараптардың дәлелдері тексеріліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабы шеңберіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Бүгін, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →