×

Талдықорғанда қызды жабылып ұрған құрбылардың біріне сот үкімі шықты

Білім алушылар полицейлер мен тәрбиешілердің бақылауында болады

Талдықорғанда қызды жабылып ұрған құрбылардың біріне сот үкімі шықты
Ашық дереккөздерден

Талдықорғанда үш құрбы 15 жастағы қызды жабылып ұрып, желіні шулатқан болатын. Төбелескен оқушы қыздардың бірі сот шешімімен девианттық мектепке ауыстырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Мейрамгүл Нұржанқызы Талдықорғандағы кешкі ауысымдағы мектептің 9-сыныбында оқиды. Ол 10 мамыр күні сот шешімімен Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасына қарасты Балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебіне ауыстырылды. Бұл – тәртібі қиын балаларға арналған девианттық мектеп. Ол білім ордасы арнайы қоршалған. Білім алушылар полицейлер мен тәрбиешілердің бақылауында болады», - деді Талдықорғандағы кешкі ауысымдағы мектеп директоры Ерік Саржігітов.

Естеріңізге сала кетейік, Талдықорғанда үш құрбы жабылып жалғыз қызды ұрған болатын. Ол әрекеттері желіге тарап, халықтың ашуын туғызды. Артынша бұл жайт бойынша арнайы комиссия құрылып, бұзақылық жасаған қыздарға қатысты шешім шығарылды. Оның негізінде, 10 мамыр күні Мейрамгүл Нұржанқызыy девианттық мектепке ауыстыру ұйғарылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →