×

Шығыс Қазақстандағы университеттердің бірі 1,9 млн теңгеге еден жуатын шүберек сатып алмақ болған

Антикордың ұсынымынан кейін шамамен 3 млн теңге үнемделді

Шығыс Қазақстандағы университеттердің бірі 1,9 млн теңгеге еден жуатын шүберек сатып алмақ болған
Ашық дереккөздерден

Шығыс Қазақстан облысындағы университеттердің бірі 25 мың теңге тұратын еден сүрткішті 1,9 млн теңгеге сатып алмақ болған. Антикордың ұсынымынан кейін мемлекеттік сатып алу жоспарларына түзетулер енгізіліп, шамамен 3 млн теңге үнемделді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Департамент мәліметінше, талдау жұмыстары барысында «Семей медицина университеті» КЕАҚ Өскемен филиалының тұрмыстық заттарды жоғары бағамен сатып алмақ болғаны анықталды.

«Білім беру мекемесі 1,9 миллион теңгеге еден сүрткіш құралдың бір данасын және 1,2 миллион теңгеге 1 матрас сатып алмақ болған. Алайда еден сүрткіш құралдың нарықтағы орташа бағасы – 25 мың теңге, бір матрастың бағасы 30-дан 130 мың теңгені құрайды. Антикордың ұсынымынан кейін мемлекеттік сатып алу жоспарларына түзетулер енгізіліп, шамамен 3 млн теңге үнемделді. Бұл қаражат өзге тауарларды сатып алуға бағытталатын болады», - делінген хабарламада.

Жалпы жыл басынан департаменттің мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор мекемелеріне жасаған ұсынымдары бойынша 205 млн теңге үнемделді. Ал 2022 жылы 425 млн теңгеге үнем жасалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті
17.08.2025ж. 11:27

250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті

Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің соты бүгін де жалғасып жатыр
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің өкілі, адвокат Жеңіс Тыныбек сотталушы Ернар Жиембайдың өз әйелін қаралуын ұят тірлікке теңеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →