×

Қызылордада сәбиді парафинмен күйдірген массажист әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бала үшінші дәрежелі күйік алып, ауруханаға жатқызылған

Қызылордада сәбиді парафинмен күйдірген массажист әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ашық дереккөздерден

Қызылорда қаласында сәбиді парафинмен күйдірген массажист әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Онда массажист әйелдің сәбиді парафинмен күйдіріп қойғаны айтылады. Бала үшінші дәрежелі күйік алып, ауруханаға жатқызылған.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен (қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету дерегі бойынша) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді», - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →