×

Антикор Кентау қаласының экс-әкіміне қатысты тергеуді аяқтады

Ол кәсіпкерді пара беруге итермелеген

Антикор Кентау қаласының экс-әкіміне қатысты тергеуді аяқтады
baq.kz

Антикоррупциялық қызмет Кентау қаласының экс-әкіміне қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

Антикор мәліметінше, 2013 жылы ол премьер-министр кеңсесінің қызметкері бола отырып, ірі жекеменшік компаниясының меншік иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі сомада пара беруге көндірген. Осы үшін құрылыс бойынша тендерде жеңісті қамтамасыз етуге уәде береді.

"Талап етілген соманы алып, өзіне қалдырып, ақшасының бір бөлігін Астана қаласынан жаңа үй, қымбат тұратын автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алуға жұмсады. Оның әрекеттері аса ірі көлемде пара беруге арандату және алаяқтық ретінде сараланған, тергеу сотының санкциясымен ол қамауда отыр", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және одан әрі сотқа жолдау үшін Астана қаласының прокуратурасына тапсырылған. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

"Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі", - делінген Антикор мәліметінде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстан халқы атынан бүркітші Айшолпанға екі бөлмелі пәтер сыйға берілді
Бүгін, 19:08

Шығыс Қазақстан халқы атынан бүркітші Айшолпанға екі бөлмелі пәтер сыйға берілді

Пәтер кілтін облыс халқы атынан бүркітші Айшолпанға Президенттің кеңесшісі Берік Уәли табыстады
Жаппай төбелеске қатысқандардың көбісі кәмелетке толмаған
Олар іргелес мемлекеттерге  10-нан астам вагон-цистерна жөнелтпек болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →