×

Мәслихат депутаты мемлекетке жарты миллиард теңге залал келтірді деген күдікке ілінді

Ол шаруа қожалығы атынан жоқ малға субсидия алуға өтініш берген

Мәслихат депутаты мемлекетке жарты миллиард теңге залал келтірді деген күдікке ілінді
Sputnik / Екатерина Штукина

ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті аудандық мәслихат депутатына қатысты ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаржылық монитринг агенттігінің мәліметінше, ол шаруа қожалығы атынан жоқ малға субсидия алуға өтініш берген.

Сондай-ақ, агенттік таратқан ақпаратқа сүйенсек, депутат "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ 600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған.

"Осылайша, жалпы шығын көлемі 457 миллион теңгені құрайды. Қазіргі уақытта бұл азамат ұсталып, оған қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды", – делінген хабарламада.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
“Емін-еркін жүр”: Бишімбаевтың сот процесіне тағы бір ресейлік блогер келді
Кеше, 20:00

“Емін-еркін жүр”: Бишімбаевтың сот процесіне тағы бір ресейлік блогер келді

Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →