×

5 миллиардтан астам адам ауыз суға мұқтаж болуы мүмкін - Тоқаев

Ол су тапшылығына қатысты шұғыл шаралар қабылдау қажет екенін айтты

5 миллиардтан астам адам ауыз суға мұқтаж болуы мүмкін - Тоқаев
Telegram/ Aqorda

Орталық Азия елдерінің тұщы су тапшылығына ұшырау қаупі жоғары. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  «Орталық Азия – Қытай» саммитінде айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдаланған жөн. Орталық Азия елдерінің тұщы су тапшылығына ұшырау қаупі жоғары екені белгілі. 2050 жылға қарай 5 миллиардтан астам адам ауыз суға мұқтаж болуы мүмкін. Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегі», - деді Президент.

Ол су тапшылығына қатысты шұғыл шаралар қабылдау қажет екенін айтты.

«Сарапшылар біздің аймағымыздың тез жылынып бара жатқанын айтып отыр. Климаттың өзгеруіне байланысты біздің аймақтың басты су көзі саналатын мұздықтар да күрт азайып барады. Осы жағдай Орталық Азияның азық-түлік, энергетика және экология қауіпсіздігіне едәуір қатер төндіреді. Сондықтан бірлесіп шұғыл шаралар қабылдауымыз қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Бүгін, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →