×

Риддерде 10-нан астам көшенің атауы өзгертілмек

Бұл туралы қалалық мәслихаттан мәлім етті

Риддерде 10-нан астам көшенің атауы өзгертілмек
Ашық дереккөздерден

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 10-нан астам көшенің атауы өзгертілмек, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Риддердегі 12 көше мен бір шағын аудан атауы ауыстырылады. Бұл туралы қалалық мәслихаттан мәлім етті.

«Ботаника шағын ауданына «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» атауы беріледі. Ал көшелерге қатысты айтар болсақ, Щорс - Егізбаевтар, Урицкий - Авдейчик, Клара Цеткин - Бейбітшілік, Чапаев - Үсенов, Энгельс - Есенберлин, Большевик - Гребенюк, Герцен - Кентай, Комсомол – Селифонов, Киров – Сәтбаев, Пролетарская – Кеншілер, Свердлов – Әлихан Бөкейхан, Ушанов – Желтоқсан деп өзгертіледі», - делінген ақпаратта.

Енді осыған орай қалада 6 шілде күні жұртшылықтың қатысуымен қоғамдық тыңдау өткізіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →