×

Батыс Қазақстан облысында киіктер өліп жатыр

150-ге жуық киік өлексесін анықтады

Батыс Қазақстан облысында киіктер өліп жатыр
ҚР ЭТРМ баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысында киіктер өліп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


 
“2023 жылдың 19 мамыр күні сағат 18-00 шамасында Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Күйгенгүл округінің аумағы Ащыөзек өзенінің жағасынан Жәнібек тірек пунктінің тобы 150-ге жуық киік өлексесін анықтады. Оның 95%-ы – төлі, 5%-ы – аналықтары. Жануарлардың ұшалары 300 метр радиуста жатқан. Патологиялық материалдарды, сонымен қатар аумақтағы өсімдік, топырақ және ауа сынамаларын алу үшін оқиға орнына  "Бөкейорда" резерватының қызметкері мен Жәнібек ауданының ветстанциясы, санэпидқызметі өкілдері жіберілді. Сынамалар алынғаннан кейін, аталған өлекселерді Жәнібек әкімдігі мен "Охотзоопром "ӨБ"РМҚК қызметкерлері жойып жібереді”, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.. 
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →