×

1 шілдеден бастап некені онлайн форматта тіркеуге болады деген ақпарат жалған

Тікелей неке қию салтанатында жас жұбайлардың екеуі де болуы тиіс

1 шілдеден бастап некені онлайн форматта тіркеуге болады деген ақпарат жалған
Ашық дереккөздерден

“1 шілдеден бастап некені онлайн форматта тіркеуге болады” деген ақпарат тарады. Алайда бұл дерек шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұл өтірік. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда некеге тұру рәсімі біршама өзгереді, бірақ жас жұбайлардың қатысуы маңызды. 1 шілдеден бастап некені АХАТ емес, ХҚО қызметкерлері тіркейді. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-қа беріледі. Бұл ретте жаңашылдыққа қарамастан, некеге тұру бұрынғы АХАТ ғимараттарында жүзеге асырылады, олар енді мемлекеттік корпорацияның бэк-офистері деп аталады. Яғни, жас жұбайлар қалауы бойынша салтанатты түрде некеге тұра алады», – делінген хабарламада.

Мәліметке сай, некені тіркеуге өтінішті электрондық үкімет порталында онлайн немесе бэк-офистерге жүгініп офлайн режимде береді. Ал тікелей неке қию салтанатында жас жұбайлардың екеуі де болуы тиіс. Демек, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап некеге онлайн түрде тұруға болады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Бүгін, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →