×

Ұлытау облысында 9 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды

Конкурстарда заң талаптары өрескел бұзылған

Ұлытау облысында 9 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды
Ашық дереккөздерден

Ұлытау облысында жолдарды жөндеуге жарияланған конкурстарда заң талаптары өрескел бұзылғаны анықталды.

Сәтбаев қаласы мен Ұлытау ауданы әкімдігінің қызметкерлері сметалық құжаттамасы жоқ және мемлекеттік сараптамадан өтпеген жобаларға қаражат бөлген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ жолдарды күтіп ұстауға жауапты мердігерлермен көпжылдық келісімшарттар заңсыз жасалған. Прокурорлар араласқаннан кейін 1,5 млрд теңгенің төрт жобасы бойынша жұмыс тоқтатылды.

«Бұл жағдай автомобиль жолдары сапасының төмендеуіне әкелетінін ескере отырып, прокурорлық қадағалау актісімен конкурстардың күші жойылды. Әкімдіктерге жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау қажеттілігі туралы ұсыныстар енгізілді», - дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Елдос Бөрлібаев.

Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзғаны үшін 9 мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды
Бүгін, 13:01

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды

Шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйым САЛЫНДЫ
Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →