×

Қостанайлық дәрігерлер ұшақта жүрегі тоқтап қалған әйелді аман алып қалды

Жолаушы біртіндеп өзіне келген

Қостанайлық дәрігерлер ұшақта жүрегі тоқтап қалған әйелді аман алып қалды
Ашық дереккөздерден

Қостанайлық дәрігерлер Қызылорда болған іссапардан қайтар жолда ұшақта жүрегі тоқтап қалған әйелді аман алып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ұшу кезінде жолаушылардың бірі өзін нашар сезіне бастаған және кенеттен есінен танып қалып, жүрегі тоқтап қалғаны байқалған. Барлық дәрігерлер көмекке келді, ал анестезиолог-реаниматолог дәрігер Бақытжанов әйелге қажет процедураларды жүргізе бастаған.

Әміржан Серікбайұлының медициналық біліктілігі мен дәрігерлердің үйлесімді іс-әрекеттерінің нәтижесінде жолаушы біртіндеп өзіне келген. Ұшақ қонғаннан кейін оны Астанадан келген жедел жәрдем мамандары қабылдаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Танымал журналист Айгүл Аханбайқызы өмірден өтті
Бүгін, 10:56

Танымал журналист Айгүл Аханбайқызы өмірден өтті

Ол ұзаққа созылған қатерлі дертпен өмірінің соңына дейін күресті
Әкімнің сөзінше, дәл қазір «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасы жүріп жатыр
MediaNet Халықаралық журналистика орталығы PAPERLAB зерттеу орталығымен ынтымақтаса отырып, Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен Қазақстандағы тіл мәселесі жөнінде сауалнама жүргізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →