×

Қонақжай отбасы: ШҚО-да ауылда үш апта тұрып қазақ тілін үйренуге 47 бала өтінім берді

Қонақжай отбасы: ШҚО-да ауылда үш апта тұрып қазақ тілін үйренуге 47 бала өтінім берді
Ашық дереккөздерден

Шығыс Қазақстан облысында «Қонақжай отбасы» жобасы аясында қазақ тілін үйрену үшін ауылда тұруға 50-ге жуық бала өтінім берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

ШҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл өңірде алғаш рет қолға алынып отырған мемлекеттік тілді оқыту мақсатындағы «Қонақжай отбасы» жобасына өтінім қабылдау жалғасып жатыр.

«Бүгінгі таңда жобаға қатысуға 47 баланың ата-анасы өтініш білдірген. Өтініштер Глубокое, Алтай аудандары, Риддер, Шемонаиха және Өскемен қалаларынан түсті. Жоспар бойынша оқушылар ауылдарға 10 маусымда келіп, 30 маусымға дейін болады», - делінген ақпаратта.

Ауылдарда арнайы штаб жұмыс істейді. Оның құрамына полицейлер, психологтар мен мұғалімдер кіреді.

Ал ата-аналар үшін WhatsApp желісінде топ құрылып, күніне екі рет есеп жіберіледі.

Айта кетейік, жобаға қатысуға ниет білдіргендер өтінішті 25 мамырға дейін жібере алады.

Берел, Өрел және Катонқарағай ауылдарындағы 32 отбасы балаларды қабылдауға дайын.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да қала балалары ауылда бір отбасының үйінде 20 күн тұрып, қазақ тілін үйренетінін хабарлаған едік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Бүгін, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →