×

Астана қаласы аумағында жаңа аудан құрылады

Құжат жобасына сәйкес, жаңа ауданның шекарасы 19 336 гектрады құрайды

Астана қаласы аумағында жаңа аудан құрылады
kelnik.global

Астана аумағында тағы бір аудан құрылуы мүмкін. Бұл туралы елорда әкімдігінің қаулысы және мәслихат шешімінде көрсетілген, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

“Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Заңының 13-бабы 3-тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі мәслихат шешімін негізге ала отырып келесіні қаулы етеді:

“Астана қаласында жаңа аудан құрылсын. Астана қаласының “Алматы”, “Байқоңыр”, “Есіл”, “Сарыарқа” аудандарының және жаңа ауданның шекаралары осы бірлескен қаулыға және шешімге қосымшаға сәйкес белгіленсін. Осы бірлескен Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі”, – делінген әкімдік қаулысында.

Құжат жобасына сәйкес, жаңа ауданның шекарасы 19 336 гектрады құрайды. Ол қаланың батыс бөлігіндегі Есіл өзенінің бойымен шығысқа қарай Қабанбай батыр даңғылына дейін, одан әрі Қабанбай батыр даңғылының тақ сандар жағымен және Қарқаралы тас жолының батыс жағымен қаланың оңтүстік шекарасына дейін аумақты қамтиды.

Жаңа ауданға қандай атау берілетіні әзірге белгісіз. Егер аталған ұсыныс ресми бекітілсе, онда Астанада 5 әкімшілік-аумақ пайда болады.

Елорда әкімдігінің қаулысы мен маслихаттың шешімін ашық талқылау 7 желтоқсанға дейін жалғасады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ
Кеше, 21:54

Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ

Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 
2025 жылы зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →