×

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 100-ден астам жүк көлігі кептеліп тұр

Кептеліс тек күндіз ғана жылжиды

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 100-ден астам жүк көлігі кептеліп тұр

Түркістан облысындағы Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 100-ден аса жүк көлігі кептеліп тұр. Қазақстандық және шетелдік жүргізушілердің ұзын-сонар кезекте тәуліктеп тұрғанына бірнеше ай болған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Түркістан облысы "Қазығұрт" кеден бекетінде шақырымдап созылған кезекте Өзбекстанға бет алған жүк көлігінің жүргізушілері тұр. Жолда қалғандардың Қазақстаннан шыға алмай жатқанына бірнеше тәулік болған. Олардың айтуынша, кептеліс тек күндіз ғана жылжиды.

"Бұл жерде кешеден бері тұрмыз. Ең көп дегенде 200 метрге жылжыған шығармыз. Кезек күндіз аз-маз жылжиды. Ал кешке мүлдем қимылсыз. Себебі кешке тек ақша бергендерді өткізеді. Бізге дәл солай істеуге болады, бірақ басқаларды сыйлау керек қой", – деді жүк көлігінің жүргізушісі Бақыт Жиенбаев.
"Қазақстаннан Өзбекстанға өту мұңға айналды. Мына жерде не жуынатын, не тамақ ішетін жер жоқ. Тыныш демалып, ұйықтап, жуынып алуға болатындай тұрақ жасау қиын емес. Ал егер кезегің келсе, ескертеді, жүре бересің дегендей", – деді жүк көлігінің жүргізушісі Абдуборы Имамов

Кедендегі кептеліс себебін жергілікті шекара мамандары түсіндіруге тырысқан. Олардың айтуынша, бұл кезек "Қапланбек" бекеті жөндеуге жабылғанынан кейін басталған. Содан бері жолаушылар қалған үш бағытқа жол тартқан. Соның бірі - осы "Қазығұрт".

"Бұл - қалыпты жағдай. Жүк көліктерінің қатары жыл санап артып барады. Мемлекеттік кірістер органдарымен қажетті іс-шаралар жасалып жатыр. Қазір қос тарап келісімге келіп, жұмыс қарқынын күшейтіп жатыр", – деді Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Айдос Қадырбердиев

Департамент өкілдері бұған дейін дәл осы "Қазығұрт" кеден бекетінен күніне тек 10 жүк көлігінің өтіп келгенін айтады. Қазір жұмыс күшейіп, тәулігіне 250-ге көбейген. Айта кетейік, кептеліс осыдан жарты жыл бұрын пайда болған. Ал "Қапланбектің" қашан ашылары әзірше белгісіз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →