×

Түркістандағы мал базарында қасапшы өз әріптесін бауыздаған

Түркістанда қылмыскерге үкім шықты
 

Түркістандағы мал базарында қасапшы өз әріптесін бауыздаған
Видеодан кадр

Мал базарында өз әріптесін бірнеше жерінен пышақтаған 30 жастағы еркек 11 жылға сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қанды қылмыс биыл ақпан айында болған. Мал союға таласып қалған қос жігіт жұрттың көзінше төбелескен. Бірнеше мәрте соққы алып таяқ жеген күдікті мал соятын пышақпен қарсыласының аяғын жарақаттап, одан соң тамағын орып жіберген.

Бауыздалған 31 жастағы жігіт сол жерде көз жұмыпты. Марқұмның артында кәмелетке толмаған баласы мен әйелі қалды. Қайғыдан қан жұтқан марқұмның туыстары ауыр қылмыс жасаған сотталушыға берілген жаза тым жеңіл деп санайды. Олар сот үкімімен келіспей, апелляцияға шағым түсірмекші.

«ҚР ҚК 99-бабының бірінші бөлігі бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін. Бірақ анасы ретінде мен қарсымын. Мен әлі де ізденемін. Әлі іштен топты шығарам, барлық дүниені шығарамын. Қашан жаным кеудемнен шыққанша, соңына дейін барамын», – дейді марқұмның анасы Құрбанкүл Дайрабаева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
22.11.2024ж. 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →