×

Жезқазған тұрғындары қаржы пирамидасына 124 миллион теңге салған

600-ден астам салымшыдан қаражат тартқан

Жезқазған тұрғындары қаржы пирамидасына 124 миллион теңге салған
nbj.ru

Жезқазған, Алматы және Астана қалаларының төрт тұрғыны «MetaGo» жобасы бойынша криптовалютаға инвестиция тарту желеуімен Жезқазған қаласының аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар 600-ден астам адам және 124 миллион теңгеден астам салымшылар қаражатты тартқан.

“Аталған тұлғаларды прокуратураның үйлестіруімен ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері Агенттіктің талдау бөлімшелерімен өзара әрекеттесу арқылы анықтады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабының тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі”, – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Базарда филиппин блогеріне қазақ тілін үйреткен талғарлық оқушы Швейцарияның оқу грантына ие болды
Кеше, 20:32

Базарда филиппин блогеріне қазақ тілін үйреткен талғарлық оқушы Швейцарияның оқу грантына ие болды

Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы 45-ші мектеп-гимназиясында оқитын Нұржол Сатыбалды екі университеттің грантына ие болды.
Бұл шаруаны ел билігі кезең-кезеңімен жүргізбек.
Елордалық тұрғын фитнес-орталыққа жалған сыйлық сертификаттарын сату арқылы алаяқтық жасағаны үшін сотталды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →