×

Билік пе, халық па: Ринат Зайытов заң жобасын мақұлдаудағы кедергілер туралы айтты

Бүгін Парламенттің төменгі палатасы бірқатар заң жобаларын жұмысқа қабылдады

Билік пе, халық па: Ринат Зайытов заң жобасын мақұлдаудағы кедергілер туралы айтты
t.me/mazhilis_kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Үкімет Парламентке заң жобасын әкелген кезде өздеріне тиімсіз екенін айтатын кездері болатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әр түрлі заң жобасын өткізетін кезде Үкіметтің «мынау бізге тиімсіз» дейтін кездері болады. Ең бірінші біз халықтың игілігіне жұмыс істеуіміз керек қой. Халыққа тиімді болуы керек қой деп ойлаймын. Қаншалықты «саботаж» деп айтуға болатыны зерттелуі керек. Мына ведомство, мына орган «саботаж»  жасап отыр деп айтатын дәлел болу керек қой. Ол – Ермұрат ағаның жеке пікірі. Бірақ мен оны жоққа шығармаймын», - дейді Ринат Зайытов.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жобасының тақырыбы ауқымды емес екенін айтқан. Ол Тоқаевтың тапсырмасын орындауда, заң жобасын даярлауда тағы да мүдделі топтардың саботажы болды деп ойлаймын деген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Елорда тұрғыны фитнес-орталықтың жалған сертификатымен 20-дан астас адамды алдаған
Бүгін, 18:29

Елорда тұрғыны фитнес-орталықтың жалған сертификатымен 20-дан астас адамды алдаған

Елордалық тұрғын фитнес-орталыққа жалған сыйлық сертификаттарын сату арқылы алаяқтық жасағаны үшін сотталды.
Ресейлік телеарналардың Армения аумағында көрсетілуі тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы Армения парламентінің спикері Ален Симонян мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →