×

Еуразиялық экономикалық одақ елдері екі интеграцияға бөлініп жатыр - Тоқаев

Ол Ресей мен Беларусь елдері Қазақстан, Қырғызстан, Армения ұстанған бағытпен санасу керектігін жеткізді

Еуразиялық экономикалық одақ елдері екі интеграцияға бөлініп жатыр - Тоқаев
akorda.kz

Еуразиялық экономикалық одақтың өз ішінде интеграцияның қос моделі қалыптасты, деп хабарлайды Qaz365.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде өтіп жатқан форумда айтты. 

Ол Ресей мен Беларусь елдері Қазақстан, Қырғызстан, Армения ұстанған бағытпен санасу керектігін жеткізді. 

«Бір нәзік мәселе бар. Біз концептуалды шындық немесе ерекшелік бар екенін ескеруіміз керек. Бұл – Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы Беларусь пен Ресей дейтін одақтасқан мемлекет. ЕАЭО аясында Беларусь пен Ресей сынды екі елдің болуы «бірегей прецедент» немесе «феномен». «Екі ел - бір мемлекет». Тіпті, Беларусь пен Ресейге ядролық қару да ортақ. Біз бұл тұжырымдамалық шындықты немесе ерекшелікті ескеруіміз қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда, Мемлекет басшысы екінші интеграцияға тоқталып, мәдениет те, тарих та, тіл де, дін де бөлек екенін меңзеді. 

«Екінші интеграция – Қазақстан, Қырғызстан, Армения қатысып жатқан интеграция. Біз осы жағдайда қалай жұмыс істейтінімізді ескеруіміз керек. Бұл – концептуалды мәселе. Бізге осы экономикалық форумда аталған мәселені талқылау керек деп ойлаймын», - дейді Президент.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →