×

Қазақстанға шетелдік компаниялардың қанша қарызы бар

Қазақстанға шетелдік компаниялардың қанша қарызы бар
Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бас прокуратура шетелдік компаниялар Қазақстанға қанша миллиард қарыз екені туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының инвестиция тарту бойынша шаралар қабылдау мәселесіне қатысты сауалына берген жауабында, Қазақстанда заңды тұлға болып құрылған компаниялардың схемасын пайдаланып, үшінші елдің адамдары салық төлеуден жалтарып, қаражатты көлеңкелі айналымға шығарғаны, жалған шот-фактураларды бергені үшін жазаланатынын айтты.

"Іскерлік иммиграциялық визасы жоқ кәсіпорындардың қызметін іріктеп талдау нәтижесінде 198 компанияның 4,1 миллиард теңгеге салық берешегі анықталды, 1,5 мыңнан астамы тіркелген жерінде жоқ және 2 мыңға жуық фирма әрекетсіз", - делінген хабарламада.

Өз кезегінде аталған салық төлеушілерге қарсы талап-арыздарды бергенге дейін, Бас прокурордың айтуынша, салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салықтық сараптама жүргізіледі, шот бойынша шығыс операциялары негіз болған жағдайда шектеледі (берешек, хабарламаларды орындамау және т.б.), жетіспейтін тауарларға электронды шот-фактуралар анықталады, активтердің бар-жоғы, салық міндеттемелерінің орындалуы, салық жүктемесінің коэффициенті деңгейі анықталады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →