×

Қытай хирургтары Алматыда шеберлік дәрісін өткізіп жатыр

Операция барысын шеберлік дәрісіне түрлі өңірден келген дәрігерлер бейнеконференция көмегімен бақылады

Қытай хирургтары Алматыда шеберлік дәрісін өткізіп жатыр

Алматыда ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығында Қытай елінің дәрігерлерінің қатысуымен «Өкпе туберкулезіне VATS-лобэктомиясы операциясы» атты шеберлік дәрісі басталды. (VATS - кесудің видеоассистент техникасы), деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл іс-шара «Орталық Азия аймағында кеуде қуысының аз инвазивті хирургияның стандартталған технологиясын ілгерілету және қолдану» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылған.

Отаны ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы кеуде аурулары ауруханасының торакальды хирургиясының бас дәрігері ЧЕ ЙОНГ, ҚХР ШҰАА кеуде аурулары ауруханасының дәрігерлері және ҚР ҰФҒО-ның  өкпе туберкулезіН хирургиялық емдеу бөлімшесінің дәрігерлері бірлесіп өткізуде. 

Өкпе резекциясының видеоассистент техникасы - науқасқа мейлінше аз зақым келтіретін ота түрі. Ота кезінде науқастың қосымша жарақат алу ықтималдығын, шұғыл хирургиялық көмек қаупін, сондай ақ операциядан кейінгі асқынуларды азайтады. 

Операция барысын шеберлік дәрісіне түрлі өңірден келген дәрігерлер бейнеконференция көмегімен бақылады.

Қытай дәрігерлері жаңа технологияға негізделген отаның сейлінше аз зақымдайтын әдісі бойынша тәжірибесін ортаға салды. 

Аталған іс-шара барысында ҚР ҰФҒО басшылығы Қытай делегациясымен меморандумға қол қойды. Ол бойынша қазақ дәрігерлері Қытайдың өкпе ауруларын емдеу бойынша үздік медицина мекемелерінде тәжірибе жинап қайтады.

Бұл іс-шараны «Қазақстан фтизиопульмонологтары Қауымдастығы» ҚБ ұйымдастырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →