Ол қаңтар оқиғасын еске алып, Жаңаөзендегі ереуілдерге және т.б. мәселелерге тоқталды
Маңғыстау облысының басшысы Нұрлан Ноғаев қаңтар оқиғасын еске алып, Жаңаөзендегі ереуілдерге және т.б. мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
- Мен сіздің әкімдік алдындағы алаңда жиналған адамдардың алдында сөйлеген сөзіңізді қайтадан көріп шықтым. Ақтауда бұл күндер қалай өтті?
- Бүгінгі биіктен қарасақ, бүкіл әкімдік, барлық мемлекеттік қызметші өте қауырт жұмыс істеді деп айтуға болады. Бұл төзімділік пен кәсіби жарамдылық сынағы болды. Тек әкім үшін ғана емес, барлығы үшін. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы барлық деңгейдегі байланысты білдіреді. Бұл жерде біз үшін араласқымыз келетін немесе келмейтін деген тұлға жоқ. Облыс көлеміндегі бүкіл процеске қатыстымыз. Біздің міндет – өткір мәселелерді шешу және барлығына ыңғайлы жүйе құру.
Бәлкім, мен оны тәптіштеп түсіндіріп жатқан шығармын, бірақ біздің міндет - ресми тілмен айтқанда, қоғамдық-саяси тұрақтылық пен әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету. Бұл ұғымға халықтың қауіпсіздігі және олардың өз қабілетін іске асыра білу мүмкіндігі кіреді. Бірақ мен әрқашан екі тарап, яғни әкімдік те, халық та атсалысса деймін.
- Қаңтар кезінде алаңда бір сәтте сізді жібермей қойғаны рас па? Сізге қоқан-лоқы көрсетті ме?
- Енді ондай сәттер болды.
- Қорқынышты болған шығар?
- Болды.
- Дәл қай кезде?
- Тіпті, алаңға бармай жатып, адамдардың топтасып тұрғанының өзі қысым ғой. Психикалық та, моральдық та. Атқарушы органдарда қанша жыл жұмыс істесем де, тіпті бейбіт жиында сөз сөйлеуде қобалжимын. Диалог қалай болар екен, мені тыңдар ма екен, қалай қабылдайды дегендей. Егер қорқынышты болған жоқ, өз міндетімді орындадым десем, өтірік болар. Әрине, қорықтым. Жан-жақтан қауіп төндіріп, айқайлап жатты.
-Ералы Тоғжановпен (сол кезде вице-премьер) әкімдікке бара жатқан және айналаңыздағы адамдардың айқайлаған бейнежазбасы бар. Маған біреу сізді ту сыртыңыздан ұрғысы келгенін де айтты...
- Ондай сәттер болды. Есте түсірудің өзі жаман. Бірақ біз объективтіліктен, шындықтан алшақтамаймыз. Болары болды. Менің ойымша, мұның бәрі сол оқиғалардың аясында, эмоция кезінде орын алды. Адамдар ашуланды, эмоцияға ерік берді.
- Бірақ Ақтауда бүлік болған жоқ.
- Меніңше, «Мен қаламын» деген Президенттің табандылығы мен ұстанымы шешуші рөл атқарды. Оның сөйлеген сөзінен мемлекет бұл қиындықтарға қарамастан, құламайтынын аңғардық. Мен Маңғыстау облысының тұрғындарына, қарттарға, жастарға, алаңда тұрған мұнайшыларға түсінгені үшін алғыс айтамын. Олар тәртіпті өздері орнатты. Арандатушылыққа жол бермеді. «Мәселені өркениетті түрде шешеміз» деді. Күні-түні жүріп, қадағалап отырды. Тек Ақтауда емес, облыстың барлық елді мекенінде осылай болды. Саналы, тәрбиелі және ең бастысы, арандатушылықтың алдын алуға деген талпыныс бүлікке жеткізбеді.
- Сол күндері сіз қанша сағат ұйықтадыңыз?
- Есімде жоқ. Күні-түні сонда болдық. Бұл біздің барлық қызметкерге айтарлықтай ауыр моральдық және физикалық қысым болды. Мұндай сәтте әкім алға шығады. Бірақ оның артында барлық мемлекеттік қызметкер тұрғанын түсіну керек. Олардың барлығы да осында жүрді. «Үйіңізге барып, демалып келіңіз» десем де, әріптестерімнің ешқайсысы кетпеді. Бәрі ұсынысын айтты. Бұл оқиғаның тезірек аяқталғанын қалады. Мен олардың барлығына ризамын.
Айта кетейік, Нұрлан Ноғаевтың осы жылдың қыркүйек айында Маңғыстау облысының әкімі болғанына екі жыл толады. Ал оның осы лауазымға тағайындалғанына 3 ай өткен соң қаңтар оқиғасы болған еді.