×

Кімдер «иноагенттер» тізіміне енуі мүмкін – министр Дархан Қыдырәлі жауап берді

Министр егер біреу шетелден қаржы алса, оған тек декларация тапсыру керек деп санайды

Кімдер «иноагенттер» тізіміне енуі мүмкін – министр Дархан Қыдырәлі жауап берді
Фото: dknews.kz

Ресей шетелдік ақпарат құралдарын, әсіресе, батыс елдерінен қаржыландыратын ақпарат көздерін «шетелдік агент» (иноагент) деп тани бастаған. Біздің елде бұл қалай болып жатыр? Осыған «Сұрауы бар» хабарында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Азаттық» радиосының Қырғызстандағы өкілдігі сот шешімімен жабылған сөз еткен жүргізуші Қазақстандағы «Азаттыққа» осындай қауіп бар ма екенін сұрады. 
Билік сырттан қаржыландырылатын БАҚ-тарға «иноагент» деген айдар тағуы мүмкін бе?

«Басқа мемлекеттердің ішкі жұмысына араласа алмаймыз. Олардың өз шешімдері. Біздің елде мұның бәрі заң аясында реттеледі. Байқасаңыздар, Қазақстан «иноагент» дегенге барған жоқ. Ресейден кейін Грузияда осындай жағдай басталды. Ол жақта шу болды. Біз бәрін өркениетті шешуге ниеттеніп отырмыз», – дейді Дархан Қыдырәлі.

Министр осы ретте шетелдік қорлардан қаржы алатын журналистер аз емес екенін, олардың жұмысын тек заң шеңберінде ғана қарастыратынын айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев та осы сауалға жауап берген болатын.

«Біздің заңнамада «иноагент» деген ұғым жоқ. Ал қаржыландыру көзін қарастыратын, қадағалайтын норма бар», – деді Жамаубаев Мәжілістің кулуарында.

Министр егер біреу шетелден қаржы алса, оған тек декларация тапсыру керек деп санайды.

Шетелдік агент (иноагент) – бір елдің резиденті бола отырып, әдетте дипломатиялық иммунитет болмаған кезде екінші елдің мүддесі үшін әрекет ететін адам. Ресейде шетелдік агенттер мен мемлекеттің қарым-қатынасы «шетелдік ықпалдағы адамдардың қызметін бақылау туралы» федералды заңмен реттеледі.
Наурыз айында Грузия Парламенті «БАҚ-тар мен ұйымдардың ашықтығына» байланысты заң жобасын қабылдамаққа жиналған. Бұл жобаға сай Ресейдегі іспеттес көптеген БАҚ пен ҮЕҰ-ларды (НПО) «шетелдік агент» (иноагент) деп танып, жауып тастау ұсынылған.
Халық бұған қарсы шықты. Бірнеше күн қатарынан қызу талқылаулар болды. Тіпті, Парламенттің өз ішінде төбелес шыққан еді. 
Ресейде «иноагент» тізіміне тележүргізуші, пародист Максим Галкин де енген. Ресей билігі Галкин Украинадан қаржыландыру немесе басқа да көмек ала отырып, саяси қызметпен айналысады деп санайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →