×

Жамбыл облысындағы Президент резиденциясы кімге берілді?

Жергілікті бюджеттен 600 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді

Жамбыл облысындағы Президент резиденциясы кімге берілді?
Ашық дереккөздерден

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысындағы Президент резиденциясы туралы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер әкімнен Президент резиденциясының тағдырын сұрады. Әкім қазірдің өзінде Мемлекет басшысының резиденциясы білім басқармасы балансына берілгенін, онда балалар үшін жыл бойы жұмыс істейтін лагерь ашу жоспарланып отырғанын айтты.

"Осы пионер лагерін қамтуға жергілікті бюджеттен 600 миллион теңгеге жуық қаржы бөлдік. Қызметкерлер болады, жақын арада жөндеу жұмыстары басталады, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүріп жатыр. Жоспарымыз мынадай: 50 адамға арналған жыл бойы істейтін пионер лагері. Ғимарат бар, оқу сыныптарын қайта жабдықтаймыз, қосымша жиһаз аламыз. Қаржыландыру, азық-түлік, еңбекақы мәселелері шешілді. Ұсақ құрылыс жұмыстарын бітірсек, жазда 15 күн, қыста бір айға дейін ұзартамыз. Оқытамыз, ол жерде инклюзив білім беру үшін кейбір сыныптарды арнайы жабдықтаймыз", - деп жауап берді Нұржігітов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →