×

Шымкенттегі мектеп-гимназия бір допты 232 мың теңге сатып алмақ болған

Нәтижесінде 2,2 млн теңгеден астам қаржы үнемделген.

Шымкенттегі мектеп-гимназия бір допты 232 мың теңге сатып алмақ болған
Ашық дереккөздерден

Шымкентте №90 дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясы мемлекеттік сатып алу жоспарында 2,7 млн теңге бюджет қаражатына 20 доп сатып алмақ болған. Алайда тауардың әрбір данасы 2-ден 10 есеге дейін асыра бағаланып есептелген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселен, білім беру мекемесіндегілер баскетбол добының бір данасын 232 мың теңгеге, ал волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Дәурен Ерғариннің мәліметінше, антикор мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына жоспардың тармағын қайта қарау туралы ұсыныс хат жолдаған.

Нәтижесінде 2,2 млн теңгеден астам қаржы үнемделген.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →