×

Алматыда биыл студенттер үшін 10 жатақхана ашылады

Биыл жыл соңына дейін жеті нысан қайта жаңғыртылмақ

Алматыда биыл студенттер үшін 10 жатақхана ашылады
Sputnik / Тимур Батыршин

Алматыда студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесі әлі де өткір тұр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Бүгінде мұнда 29 745 студент тұратын 96 жатақхана бар. Қазір қажеттілік 32 мыңнан астам төсек-орын болып отыр. Өткен жылы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы студенттерге орын беру мәселесін шешу үшін арнайы штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Жатақхана тапшылығын азайту мәселесі бойынша мемлекет бизнеспен белсенді жұмыс жүргізеді. 2022 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша қала кәсіпкерлері мен Қаржы орталығы арасында қолданыстағы 4 нысанды 659 орындық жатақханаға қайта форматтау бойынша келісімшарттар жасалды. Бүгінгі күні барлық нысан іске қосылды», - деп жазды Саясат Нұрбек.

Оның сөзінше, биыл 1 қыркүйекке дейін 1 492 төсек-орынға арналған 5 нысан, жыл соңына дейін 450 төсек-орынға арналған 2 нысан қайта жаңғыртылмақ.

«Бұдан басқа, жыл соңына дейін жаңа 3 студенттік жатақхананың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Біз бизнес өкілдерімен келіссөздерді жалғастырамыз. Қазір қаржы орталығының бағдарламасы арқылы өз есебінен жатақхана салуға дайын 93 әлеуетті инвестордың тізімі жасалды. Жүзеге асырылатын бағдарлама және оған қатысу шарттары туралы толық ақпарат арнайы сайтта (https://studdom.fincenter.kz) ұсынылған”, - деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрі.

Ол сондай-ақ, бүгін Алматыға жұмыс сапары аясында Қазақстан-Британ техникалық университетінің 980 орындық жатақхананың құрылыс алаңында болғанын жазды.

«Жоспар бойынша жатақхананы іске қосу мерзімі – 2023 жылдың желтоқсан айы. Салынып жатқан жатақханада студенттердің тұруына, оқуына және демалуына барлық қажетті және жайлы жағдайлар жасалады», - деп мәлім етті Саясат Нұрбек

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Бүгін, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →