×

Тікелей эфир кезінде түкіріп жіберген депутат кешірім сұрады

Біз қоғам алдында әрбір қадамымыз үшін жауап беріп, азаматтарға жүріс-тұрысымызды түсіндіріп отыруымыз қажет – депутат

Тікелей эфир кезінде түкіріп жіберген депутат кешірім сұрады
qasym.buketov.edu.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайров эфир кезінде түкіріп жібергені үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Кеше Екібастұз қаласына сапар барысында депутат Ерлан Сайров "Хабар" агенттігі журналисттерінің өтініші бойынша тікелей эфирге шығу барысында жерге түкіріп жіберген болатын.

“Кеше Екібастұз қаласына сапар барысында эфир алдында жерге түкіріп жібердім. Осы мәселе бойынша өзімнің түсінігімді беруді жөн деп ойлаймын. Біріншіден, қауымнан, егер қолайсыз жағдайға қалдырсам, кешірім сұраймын. Екіншіден, кеше кешке Екібастұзда өте аяз болды. Далада тұрғандықтан осындай жағдай болды. Далада төрт-бес сағат жүрдік. ТЭЦ-қа бардық, сол кезде тамағым құрғап кеткен болуы керек. Біз қоғам алдында әрбір қадамымыз үшін жауап беріп, азаматтарға жүріс-тұрысымызды түсіндіріп отыруымыз қажет деп есептеймін. Тағы да қолайсыздық үшін кешірім сұраймын! Мен ел алдында әрқашан ашық болуға тырысамын. Қауым алдында "аяздағы түкірік" үшін тағы да Ғафу өтінемін!” – деді Мәжіліс депутаты.

 Депутат сондай-ақ Екібастұз қаласында болған төтенше жағдай туралы пікір білдірді.

“Ал Екібастұз қаласына гуманитарлық көмек ретінде 1000 жылыту қондырғысы жеткізілді. Бүгін қала толық жылуға қосылды деген ақпарат келді. Бүгінде елімізде өте үлкен техногенді проблема тұр. Бұл мәселені терең сараптап қарастыру қажет. Олигархиялық, монополиялық құрылымдар бұл мәселені ушықтыруда”, – деді Ерлан Сайров. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Екі жасөспірім Алматы облысында сегіз жасар баланы зорлаған
Бүгін, 18:16

Екі жасөспірім Алматы облысында сегіз жасар баланы зорлаған

Олардың бірінің әкесіне әкімшілік іс қозғалды
Келесі сот отырысы 3-сәуір сағат 10:00 ге белгіленді
Ардақ Назаров журналистерге рахмет айтуды да ұмытпады
Ол ерлі-зайыпты адвокаттармен кездесуге тырысып, кешірім сұрағанын және ем-дом жағынан көмектесуді ұсынғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →