×

Әкім сұхбаттан соң инсульт алды

Ол 26 мамыр күні кешке ауруханаға түскен

Әкім сұхбаттан соң инсульт алды
стоп-кадр

Солтүстік Қазақстан облысы Астрахан ауылдық округінің әкімі Руслан Қабатаев инсульт алып қалды,деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол 26 мамыр күні кешке ауруханаға түскен. Мұны «Қазақстан Халықтық партиясының» Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалының төрағасы Ерғали Жұмағұлов  өзінің Facebook парақшасында жазды.

Жұмағұловтың айтуынша, әкімнің жағдайы қазір жақсарған.

ҚХП төрағасы Қабатаевтың денсаулығын 21 мамыр күні жарыққа шыққан «Обожаю» бағдарламасының авторы Асхат Ниязовқа берген сұхбатымен байланыстырады.

«Отан үшін шын жүректен алаңдайтын жігіттің өмірі мен денсаулығы квазисарапшылардың, жалған журналистердің лас тірлігі мен қазіргі жүйенің қысымына татымайды. Оның тезірек сауығып кетуін тілеймін!» – деп жазды Жұмағұлов.

Бағдарламада әкімдікте айына 20 мың теңге алатын тазалықшы әйел сұхбат беруден бас тартқан. Әкімнің көзінше “Қолғап пен еден жууға арналған заттарды әкімдік қамтамасыз ете ме?”  деген журналистің сұрағына күмілжіп, жауап бермейтінін айтты.

Осы репортаждан бірнеше күн өткен соң Астрахан ауылдық округінің әкіміне қатысты қызметтік тергеу басталды. Ал бірер күннен кейін әкімнің инсульт алғаны хабарланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі
Бүгін, 18:33

Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі егер мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын еңбекке тартылып, бірақ сол үшін шағымданудан қорықса жасырын түрде арыз түсіре алатынын хабарлады
Ол ұзаққа созылған қатерлі дертпен өмірінің соңына дейін күресті
Әкімнің сөзінше, дәл қазір «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасы жүріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →