×

"Өміріммен қоштаса бастаған едім": Журналиске сұхбат беріп, инсульт алған әкім жағдайды түсіндірді

Әкім қазіргі жағдайы туралы айтып берді

"Өміріммен қоштаса бастаған едім": Журналиске сұхбат беріп, инсульт алған әкім жағдайды түсіндірді
стоп-кадр

Жақында Солтүстік Қазақстан облысы Астрахан ауылдық округінің әкімі Руслан Қабатов журналистке сұхбат берген соң, инсульт алып ауруханаға түскен болатын. Әкім қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен қобалжыдым. Өйткені қысым қатты болды. Жала жабылды. Бағдарлама шыққан күннің ертеңінде прокуратура тексерді, аудан, облыс әкімдері бірден келді. Барлық мүлік тексерілді. Қарындаш пен қаламға дейін есептеді. Менде бәрі орнында. Қатты уайымдадым. Қазір анам да ауырып жатыр. Өйткені осы жағдайды қатты уайымдап, қызым да жылап, қорқып қалған», –  деді Руслан Қабатаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында

Ол дер кезінде ауруханаға жатқызылуының арқасында ауыр зардаптардың алдын алғанын атап өтті.

«Жол полициясы қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Олар мені дер кезінде ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер де тез көмек көрсетті, кезекші дәрігер маған қажетті дәрі-дәрмекті салу туралы тез шешім қабылдады. Әйтпесе, сол кезде өміріммен қоштасу туралы ойлай бастағанмын. Әлі де ауруханада жатырмын. Қазір алғашқы түскен күнмен салыстырғанда өзімді жақсы сезінемін. Басым ауырады, әлсіздік бар. Әлі жүре алмаймын, көп сөйлей де алмаймын. Бойымда діріл бар. Бірақ бәрі жақсы болады деп үміттенемін», –  дейді Астрахан ауылдық округінің әкімі.

Ол бұған дейін денсаулығына байланысты шағымданбағанын айтты.

«Менің жүрегім ешқашан ауырған емес. Өзім бұрынғы арнайы жасақтың сарбазымын, жауынгермін. 50 шақырымды оп-оңай жүгіремін. Денсаулық жақсы болатын. Бұлай болады деп ойламадым. Осылай инсульт алып қаламын деп күтпедім. Әйтеуір, ауруханаға дер кезінде жетіп үлгердім», - деді Руслан Қабатаев.

Айта кетейік, Руслан Қабатаев 40 жаста, ол Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. 2004 жылы Петропавл жоғары әскери училищесін бітірген. 2022 жылдың наурыз айында Астрахан ауылдық округінің әкімі болды.

Еске салып өтсек, 21 мамырда Youtube желісінде «Обожаю» бағдарламасының бір шығарылымы Астрахан ауылына арналған еді. Видео авторы Асхат Ниязов бағдарлама барысында әкімдікте істейтін әйелден сұхбат алады. Ол журналиске еден жуатын әйелдің айына 20 мың теңгеге жалақыға жұмыс істеп жүргенін және қолғап пен жууға арналған заттарды өз ақшасына сатып алатынын айтқан. Ал еден жуушы журналистің бұл сұрағына жауап беруден бас тартты. Осыдан кейін 26 мамыр күні ауыл әкімі ауруханаға түскені хабарланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →