×

365 күн күзетеміз: Шекара қызметінің басшысы Күдебаев жайында

Ол журналистердің С.Күдебаевтың елден ізін суытуы жайлы сұрақтарына жауап берді

365 күн күзетеміз: Шекара қызметінің басшысы Күдебаев жайында
Коллаж: Qaz365.kz

ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Ерлан Алдажұманов журналистердің С.Күдебаевтың елден ізін суытуы жайлы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Қылмыстық істің аяқталғанын күтейік, содан кейін бәрі анық болады. Шешім шықсын, содан кейін қайда, неге, неліктен және қалай екенін анықтаймыз», - деді Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов.

Шендіні қаумалаған журналистер Күдебаевтың шекара асуы сабақ болуы керек екенін айтып, мұндай оқиғалардың алдын алу үшін қандай шаралардың қолға алынғанын білгісі келді. 

«Айналысып жатырмыз, мен сізге жаңа ғана жауап бердім, бәрі жоспарлы түрде жүреді. Жыл сайын тау, шөл мен құм т.б. барлық жерде өзіміздің жоспарымыз бар», – деді Шекара қызметінің директоры.

Сотталған азаматарды бір колониядан екіншісіне ауыстыру кезіндегі қауіпсіздік мәселесі де қалыс қалмады. 

«Қандай колония туралы айтып тұрсыз? Олар шекаралас аудандарда орналасқан ба? Қажет болса, онда біз шекарада 365 күн бойы күшейту жұмыстарын қолға аламыз. Қазір қалыпты режимде 365 күн күзетеміз. Барлығын неліктен күшейтуіміз керек, біз оны тиісті талап бойынша күзетеміз», - деді Алдажұманов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандағы мопед иелері мемлекеттік нөмір орнату керек
Бүгін, 17:41

Қазақстандағы мопед иелері мемлекеттік нөмір орнату керек

Жаңа нөмірлерді 2025 жылдың 4 сәуіріне дейін орнатуы керек
Әлімханұлы кәсіпқой мансабындағы он алтыншы жеңісіне қол жеткізді
Оның айтуынша сот процесі бар кемшілігін ашып көрсеткен
Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар осы айда қатарынан үш күн демалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →