×

Украинада "Вагнер" қатарында соғысқан қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты

Ол 30 желтоқсанда Украина Қарулы Күштерінің қолына тұтқынға алынған

Украинада "Вагнер" қатарында соғысқан қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты
видеодан кадр

Ресейде "Вагнер" қатарына қосылған Қазақстан азаматы Украинада 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Донецк облысы Дружковка қаласының соты 23 жастағы қазақстандық Шыңғыс Сейпиевке жалдамалы әрекет жасады деген айыппен үкім шығарды.

Сот шешімдері тізіліміне сәйкес, Шыңғыс Сейпиев Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы, Аққұдық ауылынан.

Сот үкімінде 2022 жылғы қазанда Сейпиевтің Украинадағы соғысқа қатысу үшін "Вагнер" құрамына арбап қосылғаны айтылған. Сол кезде ол Тюмень қаласындағы №2 түзеу колониясында зорлағаны үшін 10 жыл жазасын өтеп жатқан. Әуелі Ростов облысындағы оқу-жаттығу лагерінде әскери дайындықтан өтіп, желтоқсанда өзін-өзі жариялаған ЛХР қатарына түскен. 24 желтоқсанда Сейпиев Бахмут ауданының Яковлевка ауылына жіберілді, бір аптадан кейін, 30 желтоқсанда Украина Қарулы Күштерінің қолына тұтқынға алынды.

Украина қауіпсіздік қызметі былтыр қазанда "Вагнер" өкілдері Сейпиевке Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін ресейлік жеке компанияға қосылуды ұсынғанын хабарлады. Келісімшарт бойынша оған 200 мың рубль (шамамен 1,1 миллион теңге) және соттылығының күші жойылды деп уәде етілген.

Тергеу барысында Сейпиев өз кінәсін мойындап, Украина прокуратурасымен ынтымақтастықта болғаны атап өтілген. Келісім бойынша айыпталушы өз кінәсін мойындап, өкініп, басқа да қылмыстарды ашуда ынтымақтасқан. Өз кезегінде ол 9 жылға бас бостандығынан айырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаевтың отбасын «қаралаған» журналистерді адвокаты сотқа бермек
Бүгін, 18:21

Бишімбаевтың отбасын «қаралаған» журналистерді адвокаты сотқа бермек

Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ
Ол Алқабилерден шешім қабылдамас бұрын ойлануларын сұрады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →