×

ШҚО-дағы колонияда сотталғандарды дұрыс қырынбағаны үшін азаптаған

Азаптауды ұйымдастырушы сотталды

ШҚО-дағы колонияда сотталғандарды дұрыс қырынбағаны үшін азаптаған
antydot.info

Арнайы прокурорлар ШҚО түзеу мекемесінде азаптауды қолданудың дәлелдерін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz  Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қадағалау органы тергеудің заңсыз әдістері мен сотталғандарға қатыгездік көрсеткені үшін кінәлі адамдарды жауапқа тартуға қол жеткізуде.

“Биыл ақпанда Бас Прокурордың наразылығы бойынша Жоғарғы Сот Ішкі істер министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің жедел уәкілі болып табылатын полиция қызметкері М.-ға қатысты Шығыс Қазақстан облысы облыстық сотының апелляциялық сатысының ақтау үкімінің күшін жойды”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін ол жүйелі азаптауды ұйымдастырғаны үшін бірінші сатыдағы сотпен сотталып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылған.

Тергеу барысында Бас прокуратураның арнайы прокурорлары мекемедегі бұрынғы полиция басшылығымен қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдарға азаптау қолданылғаны туралы нақты дәлелдер тапты.

“Атап айтқанда, полиция қызметкері М. өзіне тәуелді жағдайлардағыларға басқа сотталғандарға азаптауды қолдануға нұсқау бергені анықталды. Сотталғандарды жазаны өтеу режимінің бұзылуына жатпайтын бұзушылықтар үшін жазалаған.

Мысалы, сотталған адам жеткілікті қырынбағаны үшін немесе мекеме қызметкерлерінің аты мен әкесінің атын ұмытып кетсе”, – делінген хабарламада.

Бүкіл азаптау процесі бейнекамераға жазылды.

Қазіргі уақытта бұрынғы полиция қызметкері М. азаптауды ұйымдастырушы ретінде сотталды.

Мұндай фактілерді анықтау жұмыстары жалғасуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
900 ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады
Бүгін, 11:35

900 ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Запастағы офицерлер жиырма төрт ай мерзімге шақырылғалы отыр
Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 54 млн теңге
қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →