×

«Диплом алуға бара жатқан»: Ақтөбеде жол апатынан 4 адам қайтыс болды

«Лада Ларгус» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі «DAF» жүк көлігімен соқтығысқан

«Диплом алуға бара жатқан»: Ақтөбеде жол апатынан 4 адам қайтыс болды
Ақтөбе ПД баспасөз қызметі

Ақтөбедегі Самара-Шымкент тасжолында жеңіл көлік алдында келе жатқан жүк көлігіне тоқтығысты. Салдарынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға бүгін Самара-Шымкент автожолының Қобда ауданы аумағында болды. «Лада Ларгус» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі «DAF» жүк көлігімен соқтығысқан.

«Апат салдарынан «Лада Ларгус» автокөлігінің үш жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Біреуі ауруханада көз жұмды. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегіне сүйенсек, жарақат алғандардың төртеуі алдымен Қобда аудандық ауруханасына жеткізілген.

«Өтек ауылы маңындағы жол-көлік апатынан зардап шеккендер алдымен Қобда аудандық ауруханасына жеткізілді. Кейін облыстық жедел жәрдем ауруханасына әкелінді. Олар жабық ми жарақатын алған. Науқастың екеуі 27 жаста, біреуі 46-да. Сол жерде 27 жастағы әйел көз жұмды. Ол жабық бас-ми жарақатын алған, сүйектері сынып, көп қан жоғалтқан», - деді басқарма басшысы Рүстем Исаев.

Сондай-ақ, БҚО білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жеңіл көлікте Орал қаласының мұғалімдері болған.

«Педагогтар Ақтөбе қаласына диплом алуға бара жатқан. Олар өз өтініші негізінде еңбекақысы сақталмайтын еңбек демалысына шыққан. Жол апаты салдарынан №47 орта мектептің педагог-дефектологы оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ №5 орта мектептің логопед маманы мен Орал қаласы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің сурдопедагогы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Кейін олардың біреуі - сурдопедагог қайтыс болғаны жөнінде хабар келді. №9 орта мектептің педагог-дефектологы Ақтөбе қаласына басқа көлікпен барғандықтан, зардап шеккен жоқ. Оқиғаның жай-жапсары әлі анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Кеше, 19:13

1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Осыған байланысты жолаушылар әуежайларға ертерек келуі керек
Еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және басқаларды
Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен  бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке
Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →