×

Ринат Зайытов «тендердің тілін тапқан» делдалдарды жазалауды ұсынды

Яғни біреулер тендерді ұтып алып, жұмысты басқаға беріп, 10 пайызын өздеріне пайдаланады дейді

Ринат Зайытов «тендердің тілін тапқан» делдалдарды жазалауды ұсынды
Ашық дереккөздерден

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов комитет отырысында өздеріне қатысы жоқ болса да, мемлекеттік сатып алуға қатысып, делдал болып ақша жасайтындарды жазалауды ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мектептер мен балабақшалардағы күзет қызметін мемлекеттік тапсырысқа беруді алып тастағанымыз дұрыс сияқты. Осы ұсынысты қарастырыңыздар. Өздеріңіз де білесіздер, бәріміздің баламыз бар. Мектепке тендерді жеңіп алып, 60-70-тегі апалар отырады. Олардың мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндей шамасы жоқ», - деді Ринат Зайытов.

Ол мемлекеттік сатып алудың ең үлкен мәселесі - делдалдар екенін атап өтті. Яғни біреулер тендерді ұтып алып, жұмысты басқаға беріп, 10 пайызын өздеріне пайдаланады деп айтты.

«Сөйтіп, беттері бүлк етпей келіп тұрады. Бар қолданатын шарамыз - оған шағым түсіреміз, содан қара тізімге енеді. Ал оның тағы осындай 18 фирмасы бар. Бір фирмасы қара тізімге енгеннен дым өзгермейді», - деді депутат.

Ол тендерді ұта алмаған адамға қайта-қайта неге береміз деп ашуланды. Керісінше, ұта алмаған адамға шара қолдану керек болса, шағымды ақылы қылу керек деп отыр. 

«Ал жаңағыдай қара тізімге енетін компаниялардан гөрі нақты жұмыс істей алмайтыны анықталса, тапсырыстың қаржысының көлемінің белгілі бір пайызын төлесін. Өйткені, ол жұмыстың бәрін бөгеді ғой. Жоспарланған жұмысты тоқтатты, сосын өзі білмейтін салаға кірісіп, мемлекеттен сатып алады. Ешқандай жауапкершілікке тартылмайды», - дейді Ринат Зайытов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →