×

Оңтүстік Кореяда ұсталған екі қазақстандық ұзақ жылға сотталады - СІМ

Ал оларды елге қайтару мәселесі тек сот шешімінен кейін қаралуы мүмкін

Оңтүстік Кореяда ұсталған екі қазақстандық ұзақ жылға сотталады - СІМ
әлеуметтік желілерден

Қазақстанның СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Оңттүстік Кореяда ұсталған екі қазақстандық ұзақ жылға сотталатынын мәлім етті. Ал оларды елге қайтару мәселесі тек сот шешімінен кейін қаралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Бірінші сот отырысы өтті. Ары қарай тиісті шаралар жүргізіліп, детальдар зерттеледі. Сонымен қатар, оларды жаза Оңтүстік Корея аумағында күтіп тұр. Салмақты заңбұзушылық. Оларға тек қылмыстық қана емес, қаржылық заңбұзушылық та артылып отыр. Олар қиратқан дүниелерінің шығынын өтеу керек. Сол себепті сот шешімін күтіп отырмыз», –  деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, қазақстандықтар «ұзақ жылға сотталады.

«Бірақ нақты қанша жылға сотталатынын білмеймін», –  дейді Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, бүдан бұрын Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып шығып, олардың біреуі ұсталғаны  хабарланған болатын. Келтірілген ақпаратқа сүйенсек, Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып, қалаға кірмек болған. Олардың бірінің есімі Нұрсұлтан Ырысбаев, ал екіншісі Умижан Нарзуллаев екені айтылады. Кейін Умижан Нарзуллаев (2002 жылғы) Тэджон қаласында ұсталғаны хабарланған. Теджон халық аралық полициясы қашқынды GS25 дүкенінде телефонын қуаттап отырған жерінен қамауға алған.

Кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан аталған елге заңсыз кіріп кеткен отандастарымызға іздеу жарияланғанын мәлім етті.

Оңтүстік Корея билігі іздеудегі қазақстандықты ұстап берген адамға 10 млн теңге сыйақы берілетінін жариялаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →