×

«Семей - Алаш деп аталсын». Қала атауын өзгертуге қатысты петиция пайда болды

Бұл идеяның бастамашылары тарихи деректерге жүгініп отыр

«Семей - Алаш деп аталсын». Қала атауын өзгертуге қатысты петиция пайда болды
Ашық дереккөзден

Қазақстанда Семей қаласының атауын өзгертуді талап еткен петиция пайда болды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Құжат авторларының айтуынша, елдің шығысындағы қала Алаш деп аталуы керек. Бұл идеяның бастамашылары тарихи деректерге жүгініп отыр.

Семей деген сөз - "Семипалатинск" сөзінің қазақша қысқартылған түрі. Ал Семипалатинск "Семь палат” сөзінен шыққан. Яғни Жеті шатыр, бұрын қалмақтардың жеті буддалық ғибадатханалары болған. Кейін қазақ-жоңғар соғысында қазақтар бұл жерді қайтарып алды.

1917 жылы Петроград қаласында қазақ саяси партиясын құруға шешім қабылданды. Партияның жоспарын жазуға Жаһанша Досмұхамедов, Уәлитхан Танашев, Мұстафа Шоқай және Айдархан Тұрлыбаевтарға тапсырылды. 1917 жылғы 5 қазанында «Қазақ» газетінің редакциясы партияның атауы ата-бабамыздың ұраны болған «Алаш» сөзін ұсынды.

Әлихан Бөкейхан бастаған «Алаш Орда» халық кеңесінің өкілдері Орынбор қаласынан Семипалатинске келіп желтоқсан айында өткен жиналыста осы қала жаңа Қазақ автономиясының астанасы болады деп шешім қабылдады.

1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз), Семей облыстық қазақ комитетінің басшысы Райымжан Мәрсековтің ықпалымен қаланың «Заречная слободка» деп аталатын бөлігін «Алаш қаласы» деп атау туралы шешім шықты. Бұл оқиғаға қатысты архивтік деректер сақталған.

Бірақ 1918 жылдың 16 ақпанында билікке Кеңес одағының мүшелері келіп жоспар жүзеге аспады. Осындай өткен ұлы бабаларымыз ұлты үшін, жері үшін жан тапсырған, басын бастап аяқталмай қалған істерін біз алаш ұрпақтары жалғастырайық. Соның бірі қалаға Алаш зиялылары армандаған Алаш атауын беру. Кемені қалай атасаң, солай жүзеді. «Жеті шатыр» деп «ядролық шатырлар» өтті бұл өңірде. Енді Алаш деп бастасақ өсеміз, өркендейміз!

Ал енді Алаш сөзінің мағынасы (ежелгі түрік сөзі — бауырластар, қандастар, туыстар) — көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым.

Кеген тас жазуында (б.з.б. 4 ғ. шамасында) «Қаған алты бөріг алаш(а) ерті» деген жолдар бар. Тағы кеген тас жазуында «алты бөріг» («алты қасқыр») деген сөздің «алты алаш» мағынасын беретіні жөнінде (үйсін, қаңлы, қырғыз, хақас, татаб-татар, сяньбиғұн тайпалары) ғыл. болжамдар бар.

Алаштың хан болғандығын, қара халықты соңынан ертіп, айбарының асқандығын дәріптейді. Ескі шежіре деректерінде Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі. Мысалы, Қадырғали Жалаири өз еңбегінде қазақтың орнына Алаш атауын қолданады.

Шежірелердің бірінде Алашқа өзбек, түрікмен, қарақалпақ, қырғыз, қазақ, ноғайды жатқызады. «Қамбар батыр» жырында («Тамашаға жиылсын, Алты Алаштың баласы»), Бұқар жыраудың Абылай ханға айтқанында («Он сан Алаш баласын, жұмсап бір тұрсың қолыңмен»), Махамбеттің («Алты сан Алаш ат бөліп, тізгінін берсе қолыма») өлеңдерінде Алаш сөзі қазақ атауының баламасы ретінде берілген. «Атамыз — Алаш, керегеміз — ағаш» деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі Алаш ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды.

1917 жылдан 1920 жылға дейін Қазақстанда «Алаш» партиясы болған. Қазір Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Алаш ауылы бар.

2007 жылы бұл қала Семей деп аталды, ал оған дейін орысша Семипалатинск делінетін. Айта кетейік, Қазақстанда 50 мыңнан астам дауыс жинаған петицияны Үкімет деңгейінде қарау жоспарланып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты
Бүгін, 11:16

Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →