×

Алматыда полиция қызметкері әріптесін абайсызда өлтіріп алды: оқиғаның мән-жайы айтылды

Полицияның мәліметінше, тәртіп сақшысы қызметтесін абайсызда өлтіріп алған

Алматыда полиция қызметкері әріптесін абайсызда өлтіріп алды: оқиғаның мән-жайы айтылды
Sputnik / Владислав Воднев

Алматыда полиция қызметкері табель тапаншасымен әріптесіне оқ атты. Ауыр жарақат алған 28 жастағы сержант оқиға орнында жан тапсырды. Полицияның мәліметінше, тәртіп сақшысы қызметтесін абайсызда өлтіріп алған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қос сержант полиция ғимаратының бақылау-өткізу бекетінде жұмыс істеген. Куәгердің айтуынша, тәртіп сақшылары арасында кикілжің болмаған. Таңғы сағат жеті шамасында екеуі ас ішетін бөлмеде әңгімелесіп отырыпты. Сол уақытта біреуі қызмет қаруымен байқаусызда жанында отырған әріптесін атып өлтірген. Қазір «Абайсызда адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама да тағайындалды. ҚР ҚК 104-бабында үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын айыру немесе шектеу жазасы қарастырылған.

“Алматы полиция департаменті бүгін полиция қызметкері қызмет қарумен өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақат салдарынан қайтыс болғанын хабарлайды. Аталған дерек ҚР ҚК 104-бабымен сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды”, – деді Алматы ПД реси өкілі Салтанат Әзірбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған
25.03.2024ж. 16:42

Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған

Соңғы мәліметтер бойынша, шабуылдан 137 адам қаза тапты
Ғылыми орталықтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады  
Қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →